Профи-бокс
1 қараша 2017 10:57
 

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу туралы келіссөздер Лемье мен Сондерс арасындағы жекпе-жектен кейін жалғасады

  Пікірлер

blog.share

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу туралы келіссөздер Лемье мен Сондерс арасындағы жекпе-жектен кейін жалғасады ©:boxingscene.com

Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жұмыстарын жүргізетін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя мексикалық боксшының орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші кездесуді ұйымдастыру туралы келіссөздер қашан жалғасатынын айтты. 

Оның айтуынша, келіссөздер IBF тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы канадалық Давид Лемье (38-3, 35 KO) мен орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерс (25-0, 12 КО) арасындағы 16 желтоқсан күні Канадада өтетін кездесуден кейін далғасады. Орайы түскенде айта кетейік, бүгінгі таңда орта салмақта абсолютті чемпионы болу үшін Головкинге Сондерсте жүрген WBO белбеуі ғана жетіспей тұр.

"Біз келіссөздерді Лемье мен Сондерс арасында өтетін кездесуден кейін жалғастырамыз. Барлығын зерттеп, сараптан өткіземіз. Бұл келіссөздер біраз уақытты талап етеді. Канадада өтетін кездесуде кейін командамен жиналып, не істейтінімізді анықтаймыз", - дейді Де Ла Хойя ESPN Deportes басылымына берген сұқбатында. 

Де Ла Хойя сонымен қатар Головкинмен екінші кездесуді өткізуге келісімге келмесе, "Канелоның" келесі қарсыласы Лемье болуы мүмкін екенін де айтты.

Еске салайық, Головкин өзінің соңғы кездесуін 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өткізді. 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер тең нәтижені тіркеді. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі барлық белбеулерін сақтап қалды. Ал олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін.






blog.share
Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жұмыстарын жүргізетін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя мексикалық боксшының орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен
(37-0-1, 33 КО) екінші кездесуді ұйымдастыру туралы келіссөздер қашан жалғасатынын айтты. 

Оның айтуынша, келіссөздер IBF тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы канадалық Давид Лемье (38-3, 35 KO) мен орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерс (25-0, 12 КО) арасындағы 16 желтоқсан күні Канадада өтетін кездесуден кейін далғасады. Орайы түскенде айта кетейік, бүгінгі таңда орта салмақта абсолютті чемпионы болу үшін Головкинге Сондерсте жүрген WBO белбеуі ғана жетіспей тұр.

"Біз келіссөздерді Лемье мен Сондерс арасында өтетін кездесуден кейін жалғастырамыз. Барлығын зерттеп, сараптан өткіземіз. Бұл келіссөздер біраз уақытты талап етеді. Канадада өтетін кездесуде кейін командамен жиналып, не істейтінімізді анықтаймыз", - дейді Де Ла Хойя ESPN Deportes басылымына берген сұқбатында. 

Де Ла Хойя сонымен қатар Головкинмен екінші кездесуді өткізуге келісімге келмесе, "Канелоның" келесі қарсыласы Лемье болуы мүмкін екенін де айтты.

Еске салайық, Головкин өзінің соңғы кездесуін 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өткізді. 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер тең нәтижені тіркеді. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі барлық белбеулерін сақтап қалды. Ал олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін.






Жарнама

Живи спортом!