Профи-бокс
7 ақпан 2018 14:08
 
Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу Лас-Вегаста өтпеуі мүмкін - промоутер

  Пікірлер

blog.share

Нью-Иорктегі атақты "Мэдисон-сквер-Гарден" спорт кешені орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Саул Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында 5-мамыр өтетін жекпе-жекті қабылдауға жақсы мүмкіндігі бар. Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Лёффлер  New York Post сайтына берген сұхбатында хабарлады.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қыркүйек айында бірінші кездесу тең нәтижеде біткен Лас-Вегас аренасының да екінші кездесуді қабылдауға үміті бар. Алайда, соңғы шешім әлі күнге дейін қабылданған жоқ.

"Вегастың бізге не ұсынатынын білмеймін, бірақ Мэдисон екінші кездесуді өткізуге шын ниеттерін білдіруде. Олар бұл үлкен кездесуді қабылдауға шынайы мүмкіндіктері бар екенін түсініп отыр.  Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо және басқа да атақты босшылар Нью-Йоркта жекпе-жек өткізуді жоспарлаған. Бірақ көбісі өткізе алмады.  Ал Геннадиға ол жер ұнайды. Сондықтан не екінші кездесу, немесе егер екінші жекпе-жекте Геннадий ұтатын болса үшінші кездесу Мэдисон аренасында өтуі әбден мүмкін деп санаймын" дейді Леффлер. 

Жарнама

Живи спортом!