Boxingnews24.com порталының шолуышысы Дэн Эмброуз орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесудің қайда өткені қолайлы екенін айтты.
"Головкин үшін екінші кездесуді Нью-Йоркте өткізгені дұрыс. Бұл жерде Шығыс Еуропа елдерінің жанкүйерлері көп. Сондықтан да Головкинді қолдауға келетін жанкүйерлер де көп болады. Бірақ, "Канело" мен Golden Boy промоутерлік компаниясы Головкинмен Нью-Йоркте кездесу ұйымдастыруға келіспейді. Өйткені, ол кезде мексикалықтың жанкүйерлері аз болып қалуы мүмкін", - деп жазады автор.
Айта кетейік, кеше Головкин өзінің промоутері Том Леффлер және бапкері Абель Санчеспен Далласқа келген еді. Мұнды келудегі басты мақсаттардың бірі - келесі кездесудің өтетін жерін көріп кету еді.
Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша Головкин WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерін сақтап қалды.

Жарнама