auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші жекпе-жектің өтетін уақыты өзгертіледі

"Канело" алты айға дейін жекпе-жектен шеттетілуі мүмкін.

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші жекпе-жектің өтетін уақыты өзгертіледі
Альварес пен Головкин. Сурет: boxingscene.com
ESPN телеарнасымының маманы және АҚШ-тағы ең атақты шолушылардың бірі Дэн Рафаэль орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин  (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жек 5-мамырда өтпейтіні туралы пікір білдірді. 

Невада штатаның Атлеттер комиссиясы Альварестің қанынан кленбутерол дәрумен табылғаны үшін оны уақытша жекпе-жектерден шеттетті. Бұл іске қатысты соңғы шешім 10-сәуір күні шығарылады. 

"Көп жылдық тәжірибеден, Комиссияның заңдарын жақсы білгендіктен кейін мен екінші жекпе-жектің 5-мамырда өтпейді деп айта аламын. Қайталап айтайын, жекпе-жек 5-мамырда өтпейді. Егер "Канело" дәруменнің денесіне расында бұзылған ет арқылы түскенін дәлелдеп шықпаса, Комиссия оны жекпе-жекке жібереде деп ойламаймын. 

"Канело" мен оның командасы бұл жағдайға қатты мән бермегені үшін мен оны алты айға жекпе-жектерден шеттетеніне сенімдімін. Егер оның алты айға (комиссия одан көп мерзімге шеттетуі де мүмкін) шеттетсе, онда ол шаршы алаңға тек 17-тамыз күні қайта оралады. Жаза мерзімі бірінші допинг сынама алған күннен басталады өйткені. 

Менің ойымша, Головкин 5-мамыр күні басқа қарсыласпен жекпе-жек өткізеді. Болмаса ол жекпе-жекті маусымға шегереді. Ал Головкин мамыр немесе маусым айындағы кездесуінде жеңіке жетсе, онда Альвареспен екінші кездесу қыркүйек айында Мексиканың Тәуелсіздік күніне орайы ұйымдастырылуы мүмкін. Бірақ біз әлі "Канелоның" қанша уақытқа шеттетілетінін білмейсіз", - деп жазды Рафаэль өзінің ESPN телеарнасының блогында. 

Бұған дейін Головкиннің промоутері Леффлер болса отандасымыздың 5-мамыр күні шаршы алаңға шыққысы келетінін айтып еді. "Канелоға" қарсы қарсы кездесу Лас-Вегастың T-Mobile спорт кешешінде өтеді деп жоспарланып отыр. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар