auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин мен "Канело" арасында екінші кездесу өтуі мүмкін бе?

Головкин мен "Канело" арасында екінші кездесу өтуі мүмкін бе?
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) екінші кездесу туралы (реванш) туралы ойымен бөлісті. 

"Бұл драмаға толы кездесу болмақ. Қазіргі уақытта бұл бокс әлеміндегі ең үлкен кездесу. Алдымен бірінші кездесудің қалай аяқталатынын көрейік. Сонан соң екінші кездесу туралы әңгіме қозғайтын боламыз", - дейді Головкин Ring TV арнасына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, келісімшарт бойынша боксшылар арасындағы екінші кездесуді өткізу құқығы екі түрлі. Егер бірінші кездесуде Головкин жеңіске жететін болса, ол "Канелоға" реванш беруге міндетті. Егер мексикалық боксшы жеңіске жетсе, келесі қарсылас ретінде кез-келген боксшыны таңдай алады. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні 20 мың жанкүйерге арналған Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтеді. Бұл спорт кешенінде мексикалық боксшы екі рет жекпе-жек өткізсе, қазақстандық боксшы бірінші рет жұдырықтасады.

Жекпе-жекте Головкинге тиесілі төрт чемпиондық белбеудің барлығы ортаға салынады. Ал "Канело" болса The Ring журналының арнайы белбеуін қояды. HBO телеарнасы кездесуді ақылы жүйе бойынша (PPV) тікелей эфирде көрсетеді.






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама