sOdZkiEUKJoUDyLKoK9qApsOucDhPNNrWmVaSqrX
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкин мен Ислам Астанада бір күнде өтетін бокс кешінде кездесу өткізуі мүмкін

Головкин мен Ислам Астанада бір күнде өтетін бокс кешінде кездесу өткізуі мүмкін
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында биыл жазда Астанада EXPO-2017 көрмесінің аясында өтетін бокс кешіне дайындықтың қалай жүріп жатқаны жайлы айтып берді.

"Қазір біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Геннадий Головкинмен EXPO өкілдері, ал Қанат Исламмен мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері келісіп жатыр. Біз үздік боксшыларымызды жинауға тырысамыз", - деді Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, министрлік өкілдері Қанат Исламның промоутерімен кездесіпті. "Қазір ол боксшының кіммен жұдырықтасатынын анықтап жатыр және әлемдік федерациямен келіссөз жүргізіп жатыр. Мәлімет болса, дереу хабарлаймын", - дейді министр.

Сондай-ақ, министр бокс кешінде қанша жекпе-жек өтетінін айтты.

"Бұл іспен промоутерлер айналысады. Бірақ біз ең мықты қазақстандықтарды жинауға тырысамыз. Боксшылардың өзі дайын, бірақ оларға лайықты қарсылас таңдау қиын. Себебі жекпе-жектер өте қызық болдаы. Айта кетейік, біздің боксшылар гонорарсыз жұдырықтасуға дайын. Бокс кешінің қайда өтетінін әлі қарастырамыз. "Астана-Арена" бар, велотрек бар, онда 10 мың адамға орын бар. Осы екі нысанның бірінде өтеді", - деді министр.

Еске салайық, осыған дейін 10 маусымда EXPO-2017 аясында WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBO бойынша белбеу иегері, ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) кездеседі деген ақпарат тараған еді. EXPO баспасөз қызметіндегілер келіссөздердің жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар