Головкин мен Джейкобс салмақтарын өлшейтін нақты уақыт белгілі болды
© thesun.co.uk
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен америкалық Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) жекпе-жек алдындағы салмақтарын таңертең өлшейтін болды.
RING журналының тілшісі Майкл Вудстың твиттер парақшасында жазған мәліметі бойынша, боксшылар 17 наурыз күні таңғы 09:00-де (Астана уақыты бойынша 20:00) салмақ өлшейді екен.
Негізі салмақ өлшеу рәсімі 17 наурыз күні кешке өтеді. Бірақ дәл осы күні "Мэдисон Сквер Гарден" спорт кешенінде Майкл Конланның қатысуымен жекпе-жек кеші өтеді. Сондықтан да спорт кешенін ертерек босату үшін ұйымдастырушылар салмақ өлшеу рәсімін таңертеңге қойыпты.
Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Отандасымыздың бұл жекпе-жегін "Қазақстан" ҰТА мен "Kazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Жарнама