auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин мен Джейкобс кездесу "Жылдың ең нашар" жекпе-жегі " атанды

Головкин мен Джейкобс кездесу "Жылдың ең нашар" жекпе-жегі " атанды
©boxingscene.com
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэль Джейкобс арасындағы кездесу "Жылдың ең нашар жекпе-жегі" атанды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Boxingnews24.com порталы оқырмандары арасында сауалнама ұйымдастырып өзінің аралық қорытындысын шығарды. Оның қорытындысы бойынша 18 наурыз күні Нью-Йоркте өткен Головкин мен Джейкобс арасындағы кездесу "Жылдың ең нашар жекпе-жегі" атанды. 

Бұл кездесудің төртінші раундында америкалық боксшы нокдаунға түсіп қалған болатын. Бірақ ол есін тез жиып, отандасымызға қарсы толық 12 раунд жұдырықтасты. Нәтижесінде Головкин төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. 

"Нокауттың нағыз шеберлері кездескен жекпе-жекте жанкүйерлер үлкен шоу күткен еді. Бұл орта салмақтағы ең мықты боксшыны анықтайтын жекпе-жек ғана емес, ол кездесуде жеңіске жеткен боксшыға Сауль "Канело" Альвареске қарсы шығатын мүмкіндік ашылды. Өкінішке қарай, жекпе-жек көпшіліктің көңілінен шыққан жоқ. Джейкобс ара-қашықтықты жақсы сақтап, Головкиннің соққыларын өткізбеді. Головкин қарсыласы нокдаунға түсіргенімен, айқын басымдыққа қол жеткізбеді. Көп уақыттан бері біз Big Drama Show-ды көре алмадық", - деп жазады портал. 

Ал Головкиннің өзі бұл жекпе-жекке байланысты берген пікірінде егер Джейкобсты нокаутқа түсірсем, Альвареспен кездесе алмайтын едім деді. 

Айта кетейік, Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде GGG орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғайды.

Кездесуді АҚШ жерінде HBO арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді. Головкин PPV жүйесі бойынша өзінің үшінші кездесуін өткізеді.

Бұл кездесуге байланысты Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) арнайы белбеу жасап шығарды. 





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама