Қазақстандық кәсіпқой боксшы
Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен америкалық
Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 KO) жекпе-жек алдында допингке тексерістен өтті, деп хабарлайды
Vesti.kz тілшісі.
WBC президенті
Маурисио Сулейман мәлімдегендей, екі боксшының қанынан тыйым салынған дәрумендер табылған жоқ.
"WBC VADA-дан допингке тексерістің нәтижесін алды. Нәтиже - ешқандай тыйым салынған препараттар жоқ", - деп жазды Сулейман твиттердегі ресми парақшасында.
Айта кетейік, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18-ші наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтеді.
Жарнама