Профи-бокс
17 қаңтар 2017 13:35
 

Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек кешінде Кэти Тейлор да жұдырықтасатын болды

  Пікірлер

blog.share

Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек кешінде Кэти Тейлор да жұдырықтасатын болды ©IrelandRu.com

18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madisson Square Garden аренасында өтетін бокс кешіне тағы бір жекпе-жек қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madisson Square Garden аренасында өтетін бокс кешіне тағы бір жекпе-жек қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұйымдастырушылар бұл бокс кешіне Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, қыздар арасында әлемнің бес дүркін чемпионы Кэти Тэйлорды да қосып отыр. Өткен жылы қараша айында кәсіпқой боксқа ауысқан ирландиялық ару осы уақытқа дейін екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен еді. Бірақ, бұл жолғы Тэйлордық қарсыласы кім болатыны әлі белгісіз болып тұр екен. 

Сондай-ақ Тэйлор 29 сәуір күні Энтони Джошуа мен Владимир Кличко арасында өтетін бокс кешіне де қатысады. Дегенмен, бұл бокс кешінде де ирландиялық бұрымды боксшының қарсыласы кім болатыны белгісіз. 

Айта кетейік, 18 наурызда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Дэниэл Джейкобс кездеседі. 

Одан бөлек, бұл кеште никарагуалық Роман Гонсалес пен Олимпиада ойындарының чемпионы украиналық Александр Усик те шаршы алаңға шығады. 


 

 

 

Жарнама

Живи спортом!