Головкин мен DAZN келісімшартты өзгертті. Толығырақ

©DAZN

Орта салмақта IBO жәнне IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) стриминг сервисімен келісімшартты өзгертті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Инсайдер Дэн Рафальдің ақпараты бойынша, боксшы мен екінші тарап бұрынғы келісімшартқа өзгерістер жасаған. 

"Дереккөздің ақпараты бойынша, Головкин мен DAZN жаңа келісімшарт жасады. Бұл шартнама бойынша Головкин бірінші кездесуін 29 желтоқсан күні Токио қаласында Риота Муратаға қарсы өткізеді, - деп жазды Рафаэль твиттер парақшасында. 

Инсейдер келісімшартта бұдан басқа қандай өзгерістер болғанын айтпады. Жаңа келісім бойынша қазақстандық боксшының сыйақысы өзгеруі әбден мүмкін. 

Еске салайық, Головкин DAZN компаниясымен 2019 жылы келісімшарт жасаған болатын. Ол келісім бойынша отандасымыз 6 кездесу үшін 100 миллион доллар алуы керек еді. Қазіргі уақытта бұл кездесулерден Головкин тек үшеуін ғана өткізді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар