"Головкин мені андеркартында шығармай қойды". Елеусінов GGG-мен қарым қатынасы туралы айтып берді

Данияр Елеусінов. Сурет: ringtv.com
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін кәсіпқой боксшымыз Данияр Елеусінов Nursultan Qurman YouTube арнасына берген сұқбатында орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері даңқты отандасымыз Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді,- деп жазады Vesti.kz тілшісі.

- Сіз Головкинге ренжіп жүр деген әңгіме бар. Жалпы Геннадиймен қарым-қатынасыңыз қалай? Осы туралы айтып берсеңіз. 

- Егер ол маған ренжіп жүрмесе, менің оған ешқандай ренішім жоқ. Қатты бір араласпаймыз да. Америкада ол Калифорнияда дайындалады. Тек соңғы кездесуіне ғана Флоридада жаттықты. Мен оның бауыры Максиммен араласамын. Хат алмасып, жағдай сұрасып тұрамыз. 

- Ол сізге не үшін ренжуі мүмкін?

- Менің кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуімнен кейін берген сұқбатым ұнамай қалған шығар. Ол жерде мені екінші Головкин деп айтылды. Бірақ мен екінші Головкин емес екенімді, менің жолым басқа екенін айттым. Бұл жерде мен Головкинді әлсіз деген жоқпын. Біздің жалпы табиғатымыздан бөлек адамбыз. Менің физикалық күшім Геннадийдікі секілді мықты емес. Соққыларым да күшті емес. Менің стильім басқа. Мен басымдықты жылдамдыққа беріп, аяқтарыммен көп жұмыс істеймін. Сосын бұл салмақ қуудан кейін айтылған нәрсе еді. Шаршап тұрғанмын. Сондықтан да не айтып жатқанымды қатты бақылай алмадым. Қазір бұл сұраққа қайта оралғым келмейді. Дегенмен, осыны ол жақын қабылдап қалған секілді. Содан кейін Головкин мені андеркартында шығармай қойды. Алайда ол қазір менің менеджеріммен жұмыс істейді. 






Метки:
Жаңалықтар