Головкин мен Альварестің қарымта айқасы қай қалада, қай күні өтпесін шаршы алаңдағы жағдайға кесірін тигізе алмайды - Бекман Сойлыбаев
©: inboxing.kz
WBA нұсқасы бойынша Солтүстік Америка әрі WBC тұжырымы бойынша Еуразия чемпионы, WBC international титулының иегері Бекман Сойлыбаев осы жылдың 5 мамырында өтетін Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жекке өз болжамын жасады.
«Алдағы жекпе-жектің қос боксшыға да оңай болмасы анық. Екеуі де кездесуге тыңғылықты дайындалады. Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші кездесу тартысты өтеді деген үміттемін. Қос боксшы да бір-біріне «тосынсый» жасап жатқан шығар. Менің ойымша, осы айқаста Геннадий Головкин жеңеді», – деді боксшы.
Сонымен қатар ол 2017 жылы Лас-Вегас қаласында өткен қос боксшы арасындағы кездесуде кімнің жеңіске жеткеніне қатысты пікір білдірді.
«Менің ойымша, өткен жекпе-жекте Алварес ширақ қимылдап, соққылар жасады. Бірақ оның соққылары Головкиндікіндей ауыр болған жоқ. Қос боксшысының айқасын мен де көрдім. Менің есептеуімше, кездеуде 8:4 есебімен Головкин жеңіске жетті», – деді чемпион.
Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек Мексиканың ұлттық мерекесі Синко де Майо кезінде ұйымдастырылады. Бекман Сойлыбаевтың пікірінше, бұл фактор кездесуге әсер етпейді.
«Менің пікірімше, жекпе-жек қай күні, қай қалада өтпесін, маңыздысы қос қарсылас шаршы алаңда жұдырықтасады. Геннадий Головкин барлығына дайын болуы керек. Ол қазақтың намысын қорғайды. Сондықтан Головкин жеңіске жету үшін барын салады деген ойдамын», – деп түйіндеді сөзін чемпион.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың басында кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес өзара екінші жекпе-жекті өткізу туралы келісімге қол қойды. Енді қос қарсылас осы жылдың 5 мамырында шаршы алаңда кездеседі.
Бұл күні Мексикада ұлттық мереке Синко де Майо аталып өтеді. Яғни, осы мерекені пайдаланып, ұйымдастырушылар трансляция сатылымын еселеп арттырмақ ниетте.
Әзірге жекпе-жектің қай қалада және қандай аренада өтетіні белгісіз. Алайда үміткер қалалардың қатарында Лас-Вегас, Нью-Йорк және Даллас бар.
Аталған кездесуде Геннадий Головкин өзінің барлық чемпиондық белбеуін бәске тігеді. Ал Альварес өзіне тиесілі The Ring белбеуін және орта салмақтағы желілік чемпион белбеуін сарапқа салмақ.
Айта кетейік, былтыр қос боксшының арасындағы жекпе-жекте жеңімпаз анықталмаған. Төрешілер тең ойын болды деп, екеуінің де қолын көтерген.

Жарнама