auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин мен Альварес жекпе-жектен қанша табыс тапты?

Головкин мен Альварес жекпе-жектен қанша табыс тапты?
© Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында өткен жекпе-жек әлі де талқыланып, дау болып жатыр. Жұртшылық көптен күткен кездесудің осылай аяқталғанына наразылар өте көп. Кім жеңді кім жеңілдіні былай қоя отырып, жекпе-жектен түскен қаржы мөлшері қандай? 

Бір айта кететін жәйт, екі боксшы да өз спорттық мансабында рекордтық сома алғалы отыр. Vesti.kz жекпе-жектен түскен қаржыны есептеп көрді. Барлық есептеулер шамамен келтірілген. 

Сатылған билеттерден түскен табыс

БАҚ өкілдері осы кездесуге билеттердің екі апта ішінде сатылып кеткенін және T-Mobile аренасында ине шаншыр орын болмағанын жарыса жазған еді. Лас-Вегастағы осы аренасның сыртында "Sold Out" (түгелдей сатылып кетті) деген жазулар тұрды. Болжаммен ұйымдастырушылар 30 миллион доллар табыс тапқан. 

Жиналған соманың 10 пайызы бокс кешінде қызмет көрсеткендерге беріледі. Оның ішінде, күзет, тазалық, келу жолдарын қамтамасыз ету, басқада қызметтер - мұның барлығы сатылған билеттердің есесінен беріледі. Шамамен 3 миллион доллар сонда кетті делік. Қорытындысы: 27 миллион доллар. 

PPV-сатылымдар

Ақылы транляциялар бокс кешінде - негізгі табыс көзі. PPV сатылымдары неғұрлым көп болса, боксшы көбірек табыс табады. Әзірге Головкин - Альварес жұбы қанша сатқаны ббелгісіз. Алайда көптеген мамандар шамамен 1 миллион мен 1,5 миллион аралығында деп болжайды. Біз миллионды қарастырамыз. 

Бір трансляцияның құны - 70 доллар, ал HD-форматында - 80 доллар. Көбісі қарапайым алатын болар, сол себепті орташа есеппен 70 миллион доллар көрсетілім арқылы түсті. Оның дәл 50 пайызы телевидениенің операторларына беріледі. Өз кезегінде НВО арнасы 7,5 пайызын қалтаға басады. 

Сонымен операторлар - 35 миллион доллар, НВО арнасы - 5 250 000. Қалған ақша 29 750 000. Екі табысты қосқанда 56 750 000 доллар шығады. 

Енді қосымша табыстарды есептейік. Атрибутиканы сату - 1 миллион. Басқа елдерде көрсетілу құқығын сатудан - 3 миллион доллар түскен. ДөБүтіндейтін болсақ - 60 миллион доллар. 

Кепілдендірілген гонорар құны: Альварес - 5 миллион, ал Головкин - 3 миллион доллар. Бұл қаражат жаңағы 60 миллионнан төленеді. Яғни командалар бөлісетін 52 миллион доллар қалды. 

БАҚ мәліметінше, гонорар бөліскенде 70/30 тәсілімен Альварес және оның командасы көбірек алады. Мұндай жағдайда Головкиннің командасы 15 600 000 доллар, ал Golden Boy 36 400 000. Оның ішінде Альварес 25 480 000 доллар алады. 

Өз кезегінде Головкинде тапқан табысын өз командасымен бөліседі. Сонымен қатар әр боксшының өз демеушісі бар, келісімшарттағы баға белгісіз.

Біздің есептеуіміз орташа бағамен есептелді. PPV-сатылымдары 1 миллионнан көп болуы да аз болуы да мүмкін. Ол кезде екі боксшының гонорарлары өзгереді. 

Болжам: Головкин осы жекпе-жектен 10-20 миллион доллар аралығында алуы мүмкін. Ал Альварес 20-35 миллион аралығында гонорар алады. Барлығы да PPV-сатылымдарына байланысты. 

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама