auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин мен Альварес жекпе-жегінен кейін допинг сынамаларының қорытындысы белгілі болды

Головкин мен Альварес жекпе-жегінен кейін допинг сынамаларының қорытындысы белгілі болды
© boxingscene.com
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жекке дейін және өткеннен кейін допинг сынамаларынан сәтті өтті, - деп хабарлайды BoxingScene.

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Допинг сынамаларын ерікті түрде тестілеу ассациациясынан (VADA) есеп алған. Головкин мен Альварес "Таза бокс" бағдарламасына қатысқан. Осы бағдарлама аясында чемпиондар мен WBC титулына үмітті боксшылар антидопингтік сынамадан өтуі тиіс. 

"Канело" WBC ұйымымен еш байланысы жоқ болса да, Golden Boy Promotions боксшыларды VADA ұйымының допинг сынамаларын тестілеп тұрады. 

Еске салайық, боксшылар арасында өткен жекпе-жек тең аяқталған еді. Головкин мен Альварестің менеджерлері 2018 жылы мамырда реванш өткізу келіссөздерін бастап кетті. 

Los Angeles Times мәліметінше, Головкин - Альварес жекпе-жегі PPV сатылымдары бойынша 1,3 миллион жинаған. Бұл қазақстандық боксшы үшін ең рекордтық көрсеткіш. Алайда НВО арнасы әзірге нақты сандарды шығарған жоқ. 

Сонымен қатар, Головкин - "Канело" жекпе-жегі бокс тарихында билеттер сатылымы бойынша үздік үштікке енді. Невада штатының Спорттық комиссиясының (NSAC) мәліметі бойынша, бұл кездесуге 17 318 билет сатылған. Жалпы бұл билеттердің сатылымынан 27 059 850 доллар пайда түскен. Тағы 934  билет тегін таратылған.

Жалпы билеттердің сатылымы бойынша қазіргі уақытта бірінші орында 2015 жылдың 5 мамыр күні өткен кіші Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы кездесу көш бастап тұр. Бұл жекпе-жектің билеттері 72,2 миллион долларға сатылған. Екінші орында 2017 жылдың 26 тамызында өткен Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор арасындағы кездесу орналасқан. Ұйымдастырушылар бұл шоудың бидеттерін 55,4 миллион долларға сатыпты.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама