auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды
НВО Boxing
5 мамырға жоспарланған Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек өтпейтін болды. Бұл туралы "Golden Boy" промоутерлік компаниясы ұйымдастырған баспасөз жиыны кезінде ресми түрде хабарланды.

Мексикалық боксшы жекпе-жекке шығудан бас тартты. "Канело" НВО телеарнасы, MGM аренасы ұйымдастырушылары, демеушілері мен жанкүйерлерінен кешірім сұрады. Сондай-ақ Атлетикалық комиссияның шешімін құрметтейтінін айта кетті. Допингтен ақталып шығып, тамыз немесе қыркүйек айында жекпе-жек өткізгісі келеді. Генамен екінші рет сол кезде жұдырықтасуға ниетті. Ал "Golden Boy" промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес те өз өкінішін білдірді.

- 5 мамырға жоспарланған екінші кездесуден бас тарттық. 18 сәуір күні комиссия тыңдалымы өтіп, ресми шешім шығады. Өкінішке қарай, одан кейін 5 мамырға дейін жекпе-жекті кең көлемде жарнамалауға уақыт аз, - деді.

Наурыз айының басында мексикалық боксшының допинг сынамасынан кленбутерол табылды. Бұл препарат адамға бұлшықет көлемін өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың салмақ қосуы үшін де пайдаланылады екен.

"Канело" қалай ақталды? Ол бұл препарат қанына ет арқылы түскенін айтты. Боксшы, болмаса оның дәрігер мамандары (диетолог) еттің зақымдалғанын білмеген.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин 5 мамыр күні жекпе-жек өткізгісі келеді. Ал GGG-мен жұдырықтасқысы келетін боксшылардың қатары мол. Атап айтар болсақ, америкалық Джермалл Чарло мен Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, мексикалық Хильберто Рамирес пен Хулио Сезар Чавес (кішісі) бар.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың 17 қыркүйегінде өтіп, тең нәтиже тіркелген болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама