Профи-бокс
27 ақпан 2018 13:13
 
Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек нокаутпен аяқталады - Оскар де ла Хойя

  Пікірлер

blog.share

Golden Boy Promotions компаниясының директоры Оскар де ла Хойя Головкин мен Альварес арасындағы рематчтың нокаутпен аяқталатынын айтты, – деп хабарлайды Fightnews.info сайты

Оскар де ла Хойя WBC, WBA Super, IBF, IBO  тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жек нокаутпен аяқталатынына сенімді. Ол өз сөзінде: «Нағыз шайқастың көкесі осы жекпе-жекте болады. Жекпе-жек нокаутпен аяқталады. Әлбетте, мен 100 пайыз сенімділікпен айта алмаймын. Алайда екінші кездесу нокаутпен аяқталатынын ішім сезеді. Қос спортшының арасында бірінші жекпе-жектен кейін өшпенділік пайда болды. Өйткені екеуі де өзін жеңімпаз ретінде санайды. Головкин де, Альварес те нағыз панчерлер. Сіздерге одан басқа не керек», – дейді Оскар.

Айта кетейік, отандасымыз Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы алғашқы  жекпе-жек 9 қыркүйек күні  Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында өтіп, тең аяқталған еді. Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super) IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғады, ал мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тіккен болатын. Енді рематч та  Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile аренада өтеді.

Жарнама

Живи спортом!