auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин командасының "жылай беретіні" жалықтырып жіберді - Сауль Альварес

Головкин командасының "жылай беретіні" жалықтырып жіберді - Сауль Альварес
"Канело" Альварес. © boxingscene.com
Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) телеконференцияға қатысып, Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) командасының қайта-қайта допинг жайлы айтып, мезі қылғанын және осы ызаны қыркүйектегі рематчта жеңіске жету үшін пайдаланатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Олардың қайта-қайта мені допинг үшін жазғыра беретінінен шаршадым, қатты ызалымын, алайда осы ашуымды өз пайдама жаратамын. Менің тәжірибем бар. Әрине мен ашуға булығып, ренжитін болсам қателікке бой алдыруым мүмкін. Сол себепті мен мұны өз пайдама жаратып, арық қарай серпіліс алуға мүмкіндік береді. Мен осы ызаны 15 қыркүйектегі жекпе-жекте өз пайдама жаратамын. 

"Арамыздағы сыйластық жоғалды. Олар (Головкиннің командасы) қайта-қайта шағымданып, "жылай береді". Бірақ олардың сөзі маған қосымша мотивация береді. Мен екінші кездесуде бүкіл әлемге кімнің ең мықты боксшы екенін көрсетемін. 15 қыркүйекте шаршы алаңға еш алаңсыз шығамын. Басты мақсатым - рингке шыға салысымен жеңіске жету. Оның барлық қателіктерін пайдаланып, өзіне қарсы қолданамын", - деді Альварес. 

Айта кетейік, Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама