Головкин командасындағы қазақстандық боксшының келесі қарсыласы анықталды
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (17-1, 13 КО) келесі кездесуін алдағы демалыс күні өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (17-1, 13 КО) келесі кездесуін алдағы демалыс күні өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Сенбі, 11 желтоқсан күні отандасымыз Монтебеллода (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Оның қарсыласы мексикалық Пол Валенсуэла (26-10, 17 КО) болады.
Еске салайық, Ахмедов өзінің соңғы кездесуін қыркүйек айында өткізіп, перулік Давид Сегаррадан (34-6, 21 КО) үстем түскен еді.
Айта кетейік, Али Ахмедовтің жекпе-жектерін орта салмақта IBO және IBF белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) негізін қалаған GGG Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.
Жарнама