Профи-бокс
15 мамыр 2021 14:53
 

Головкин командасындағы Али Ахмедов шаршы алаңға қашан оралатынын айтты

  Пікірлер

blog.share

Головкин командасындағы Али Ахмедов шаршы алаңға қашан оралатынын айтты Сурет: instagram.com/ali_akhmedov_officialpage/

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (16-1, 12 КО) жақын арада АҚШ-қа барып, келесі кездесуіне дайындықты бастайды. Қазіргі уақытта ол Алматы қаласында. Боксшы виза мәселесін шешіп жатыр. 

blog.share

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (16-1, 12 КО) жақын арада АҚШ-қа барып, келесі кездесуіне дайындықты бастайды. Қазіргі уақытта ол Алматы қаласында. Боксшы виза мәселесін шешіп жатыр. 

"Дайындық жақсы өтіп жатыр. Өзімді бабымда ұстауға тырысып жүрмін. Бапкерім Сағатбет Мұсахановпен жаттығып жатырмыз. Шаршы алаңға шығуға асығып жүрмін. Жақын арада жекпе-жек жоспарланып отыр. Бірақ нақты қай күні екенін айта алмаймын. Шамамен маусым не шілде айында жекпе-жек өткіземін", - деді боксшы "Хабар 24" арнасына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Ахметов 12 наурыз күні Плант-Сити қаласында шаршы алаңға оралады деген ақпарат шыққан болатын. Оның қарсыласы 34 жастағы америкалық Скотт Сигмон (34-14-1, 18 КО) екені де айтылды. Бірақ қарсыласы жекпе-жектен бас тартты. 

GGG Promotions компаниясымен жұмыс істейтін Ахмедов желтоқсан айында екінші орта салмақтағы IBO  белбеуі үшін айқас өткізді. Алайда ол 32 жастағы эквадорлық Карлос Гонгорадан (20-0, 15 КО) жеңіліп қалды. 

 

Жарнама

Живи спортом!