Головкин көктемде жапониялық боксшымен кездесуі мүмкін

Геннадий Головкин. Сурет: Тұрар Қазанғапов.

Орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) келесі кездесуін әлем чемпионына қарсы өткізеді,- деп хабарлайды RingPolska басылымы. 

Басылымның жазуынша, қазақстандық боксшы орта салмақта WBA Super белбеуінің иегері жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездесу өткізу үшін келіссөз бастаған. Кездесу 2021 жылдың көктемінде Жапонияда өтуі мүмкін. 

Айта кетейік, Головкиннің келесі қарсыласы Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) болуы ықтимал. Бірақ бұл боксшымен қазақстандық боксшының командасы әлі келіссөз жүргізген жоқ. 


 

Метки:
Жаңалықтар