Головкин кемі бір рет "Канелоны" тізе бүктіреді, кейін олар жеңілісі үшін ақталмайды деп үміттенем - Санчес
© kazsporttv.kz
Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес 16 қыркүйекте Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жектен кейін мексикалық боксшы тарабынан жеңілісін ақтап алатын сылтаулар айтылмайды деген үміт білдірді.
"Адамдар бұл жекпе-жекті бәсекелестік деп ойлайды. Жекпе-жектен кейін олар да Альварес "бос белбеу" болатын, Головкинмен жұдырықтасуға дайын емес еді немесе ол үшін тым кішкентай деген сөздерді естімейміз деп үміттенем. Олар үнемі сылтау тауып алады. Мұндайды бірінші рет Мэтью Маклинмен жекпе-жектен кейін естідік.
Меніңше, Головкин кемінде бір рет "Канелоның" есін аудыртып, тізесін бүктіреді және толықтай басым болады. Бұл жекпе-жек Головкин үшін жеңіл өтпейді, бірақ, Альварес туралы да осыны айтуға болады", - дейді Санчес Yahoo! Sports басылымына берген сұхбатында.
Мұның алдында Санчес "Канелоны" боқмұрын деп атап, оның соққыларына күмән келтірді. Сонымен бірге, бапкер Головкинн Дэниэл Джекобспен барын алып жұдырықтаспағанын айтады, әйтпегенде Альварес бұл жекпе-жекке келіспес еді деп атап өтті.
Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.

Жарнама