LIfKEjSQ6APvFF12SrbCNOvNTT45sAxRW8WGKlZe
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкин келесі кездесуін 17 шілде күні Астанада өткізеді

Головкин келесі кездесуін 17 шілде күні Астанада өткізеді
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) өзінің келесі кездесуін 17 шілде күні елордамыз Астана қаласында өткізеді. Бұл туралы Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықбаев айтты, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Головкиннің келесі кездесуі 17 шілде күні өтетіні белгілі болды. Ол келісімшартқа қол қойып қойды. Жекпе-жек "Астана Арена" стадионында өтеді. Бұл мәселенің анық-қанығы екі аптадан кейін толық белгілі болады. Қазірден бастап ақша жинай беріңіздер. Себебі, бұл бокс кешінің билеттері қымбат болары анық. Бұрнағы күні кәсіпқой бокс кәсіпке айналып кетті. Менің ойымша билеттердің құны 10-15 мың теңге көлемінде болатын шығар",- дейді Б.Маржықбаев. 

Берік Маржықбаев Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтқанымен, оның бұл кездесудегі қарсыласы кім болатынын нақты айтқан жоқ. 

Айта кетейік, бұған дейін бірнеше БАҚ отандасымыз орта салмақтағы барлық чемпиондық белбеуді біріктіру үшін WBO тұжырымының чемпионы, британдық боксшы Билли Джо Сондерспен кездеседі деген мәлімет тараған болатын. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар