Головкин келесі кездесуін 17 шілде күні Астанада өткізеді
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) өзінің келесі кездесуін 17 шілде күні елордамыз Астана қаласында өткізеді. Бұл туралы Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықбаев айтты, деп жазады Vesti.kz порталы.
"Головкиннің келесі кездесуі 17 шілде күні өтетіні белгілі болды. Ол келісімшартқа қол қойып қойды. Жекпе-жек "Астана Арена" стадионында өтеді. Бұл мәселенің анық-қанығы екі аптадан кейін толық белгілі болады. Қазірден бастап ақша жинай беріңіздер. Себебі, бұл бокс кешінің билеттері қымбат болары анық. Бұрнағы күні кәсіпқой бокс кәсіпке айналып кетті. Менің ойымша билеттердің құны 10-15 мың теңге көлемінде болатын шығар",- дейді Б.Маржықбаев.
Берік Маржықбаев Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтқанымен, оның бұл кездесудегі қарсыласы кім болатынын нақты айтқан жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін бірнеше БАҚ отандасымыз орта салмақтағы барлық чемпиондық белбеуді біріктіру үшін WBO тұжырымының чемпионы, британдық боксшы Билли Джо Сондерспен кездеседі деген мәлімет тараған болатын.

Жарнама