Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин командасымен бірге Далласқа аттанды – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Техас штатында боксшы Tecate сырасының мерекелік шарасына қатысады. Одан кейін промоутері Том Леффлер мен жаттықтырушысы Абель Санчеспен бірге келесі жекпе-жегіне келіссөздер жүргізетін болады.
- GGG командасы тағы бірге. Tecate шақыруымен мерекелік шараға қатысып, соңынан келесі жекпе-жекті өткізетін жерді таңдау бойынша келіссөздер жүргіземіз, - деп жазды Леффлер.
Айта кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін мексикалық Сауль Альвареске қарсы өткізіп, тең түсіп қалған болатын.

Жарнама