auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізетінін растады

Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізетінін растады
© boxingscene.com
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) келесі кездесуін Қазақстанда өткізетінін растады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

- Менің білуімше, сіз келесі кездесуіңізді Қазақстанда өткізгіңіз келеді. Бұл сіз үшін қаншалықты маңызды?

- Иә, рас. Мен келесі кездесуімді өз отанымда өткізгім келеді. Өйткені, Қазақстанда менің жекпе-жегімді көргісі келетін жанкүйерлер өте көп. Бұл қазақ боксы үшін тарихи оқиға болар еді. АҚШ-та кәсіпқой бокс қарқынды дамып кеткен. Қазақ жанкүйерлері де кәсіпқой бокстың қаншалықты мықты екенін көргісі келеді, - дейді Головкин Джейкобспен өтетін кездесудің алдындағы баспасөз жиыны барысында. 

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ өкілдері Головкин өзінің келесі кездесуін жазда Қазақстанда EXPO-2017 кезінде өткізетінін айтқан еді. Тіпті кейбір БАҚ бұл жекпе-жектің 10 маусымда өтетінін жазды. Ал оның қарсыласы орта салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) болады-мыс. 

Өз кезегінде EXPO-2017 ұйымдастырушылары да жазда қазақстандық бокс жұлдыздарының қатысуымен бокс кешін өткізетінін растады. Дегенмен боксшылармен әлі нақты келісімге келмегенін тілге тиек еткен. 

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама