Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді

Геннадий Головкин. Сурет: DAZN©

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) өзінің міндетті қарсыласы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) болатын кездесудің алдында баспасөз жиынын өткізіп, бірнеше сұраққа жауап берді. 

Баспасөз жиыны барысында отандасымыз Қазақстанда кездесу өткізу туралы сауалға да жауап қатты. 

"Пандемияның қанша уақытқа жалғастынын білмеймін. Шекаралар ашық бола ма, жоқ па, ол да белгісіз. Әрине, Қазақстанда жұдырықтасқым келеді. Жалпы мен әлемнің барлық елінде кездесу өткізгім келеді. Бірақ Қазақстанда жекпе-жек өтсе, керемет болар еді", - деді Головкин. 

Еске салайық, 2016 жылы Головкин мен братиндық боксшы Билли Джо Сондерс Қазақстанда кездесуі мүмкін деген ақпарат шыққан болатын. Бірақ келіссөздер тығырыққа тіреліп, айқас өтпейтін болды. Содан кейін қазақстандық боксшы Сондерспен айқас өткізуге келісе алмай келеді. 

Айта кетейік, Головкин өзінің келесі кездесуін Қазақстан уақытымен 19-желтоқсан күні өткізеді. Камил Шереметамен өтетін айқаста отандасымыз 21-рет чемпиондық белбеуін қорғайды.

Метки:
Жаңалықтар