Головкин карьерасына нүкте қоятын қарсылас аталды

© Matchroom Boxing

Бокс туралы Тwitter әлеуметтік желісінде блог жүргізетін америкалық сарапшы Гэри Уильям орта салмақта IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) өтетін үшінші кездесуінен кейін карьерасын аяқтайтынын айтып отыр, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Сарапшының сөзінше, Головкинді ресейлік боксшы Константин Цзюдің тағдыры күтіп тұр екен. Ол карьерасындағы соңғы кездесуін 2005 жылы 36 жасында америкалық Рикки Хаттонға қарсы өткізіп, жеңіліп қалды.  

"Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші айқас Хаттон мен Цзюдің арасындағы кездесу секілді аяқталатын сияқты. GGG-дің жасы келіп қалды. Ол бұрынғыдай мықты емес. Альвареспен болатын айқас оның соңғы жекпе-жегі болатын шығар", - деді Уильямс. 

Еске салайық, сәуір айында Головкин 40 жасқа толады. Ол келесі кездесуін 9 сәуір күні WBA ұйымының "суперчемпионы" Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы өткізеді. Содан соң отандасымыз мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін. Кейбір дереккөздердің мәліметі бойынша, бұл айқас қыркүйек айында болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар