Головкин "Канелоның" өтірікші екенін ашық айтты

©instagram.com/gggboxing/

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) өзі туралы айтқан нашар пікірлері туралы ойын білдірді. Сонымен қатар, отандасымыз мексикалықтың допинг дауына іліккен кездесу туралы да айтты, деп жазады vRINGe.com порталы.

"Ол көп сөйлейді. Сондықтан көп жанкүйерлер оны түсінбейтінін көріп жүрмін. Ол маған жала жауып, барлық кінәні маған арта салғысы келеді. Мен бірдеңені дұрыс айтпаған сияқты қылып. Бірақ менің айтқанымның барлығы - таза шындық. Негізі мен ол туралы айтпаймын да.

Мені ол кім деді? Екіжүзді? Жоқ. Мен ондай емеспін. Анау допинг туралы оқиға есіңізде ме? Иә, барлығымыздың есімізде. Тексеріс жүргізетін ұйымнан ресми шешім болды. Бұл факт. Ары қарай не болғанын да білеміз. Ол сотқа барып, үшінші кездесуден қашуға тырысты. Міне, осындай жағдай болды. Біздің келісімшартта реванш туралы шарт бар еді. "Канело" оны бұзды.

Сосын ол маған қарағанда мықтылармен кездестім дейді ғой. Ол осы уақытқа дейін супер орта және жартылай ауыр салмақта жұдырықтасты, дұрыс па? Егер олай болатын болса, Давид Бенавидес пен Артур Бетербиевпен неге кездеспеді? Оның көп сөзі жалған. Сондықтан оның айтқанына қатты мән берудің қажеті жоқ", - деді Головкин.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтеді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар