Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) карьерасына бапкері Джонатан Бэнкстің қалай әсер еткені туралы айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
17 қыркүйек күні Головкин Бэнкстің бастамасымен мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы үшінші кездесу өткізеді. Бұған дейінгі екі айқаста қазақстандық боксшыны Абель Санчес дайындаған болатын. Оның біріншісінде боксшылар тең түссе, екінші кездесуде Альварес жеңіске жеткен болатын.
"Санчес пен Бэнксті салыстыру мүмкін емес. Екеуі екі стильде жаттықтырады. Бэнкстің жұмысына көңілім толады. 40 жасыма келгенде мен "Канелоға" қарсы трилогия, бокс тарихындағы ең үлкен кездесу өткізуге мүмкіндік алдым. Әрине, бұл жерде Бэнкстің де еңбегі зор", - деді Головкин SerEbro EnlosDeportes YouTube арнасына берген сұқбатында.