Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) TMZ Sport сайтына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін кездесуден кейінгі жоспарымен бөлісті.
"Ары қарай не болады? Өте жақсы сұрақ. Меніңше, екі жол бар. Бірінші - реванш, екінші - орта салмақтағы барлық белбеулерді біріктіру, яғни менің мақсатым", - деді TMZ Sport басылымына берген сұқбатында қазақстандық боксшы.
Айта кетейік, кеше екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлер үшін керемет бокс кеші болмақ!" - деп жазды Том Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.
Жарнама