Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы кездесуге қалай дайындалып жатқанын көрсетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші айқас 17 қыркүйек күні 20 мың жанкүйерге арналған Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Айта кетейік, бұған дейінгі аталған боксшылар арасындағы жекпе-жек осы спорт кешенінде өткен болатын.