auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин: "Канелоға" деген құрметім жоқ, бос әңгімелерден шаршадым

Головкин: "Канелоға" деген құрметім жоқ, бос әңгімелерден шаршадым
© vk.com/ggolovkin
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ESPN телеарнасындағы First Take бағдарламасының қонағы болып, америкалық Флойд Мейвезер мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің айырмашылығын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин Мейвезермен "армандаған жекпе-жек" өткізу үшін 154 фунтқа дейін салмақ тастауға дайын екенін тағы бір мәрте айтып өтті. Сондай-ақ, қазақстандық құрметтен айырылған "Канеломен" жекпе-жек өткізу туралы әңгімелерден шаршағаны жайлы айтты. "Мен ірі емеспін. Жекпе-жекке бір ай қалғандағы салмағым - 165 фунт, ал кеше, спаррингтен кейін 164 болдым. Флойд үшін арнайы 154 фунтқа түсуге немесе 160 фунтта жекпе-жек өткізуге дайынмын, әрине, егер ол қызығушылық танытса. Бұл арманымдағы жекпе-жек", - деп мәлімдеді боксшы.

"Мейвезер мен "Канелоның" арасында айырмашылық орасан зор. Флойдтың аты Флойд, ол pound-for-pound-та үздік боксшы, ал "Канело" ешкім емес. Өткен жылдан бері осы жекпе-жекті қалап жүрмін, оның маған қажет екенін айтып жүрмін. Осы әңгімелерден шаршағанымды білесіз бе. Оған деген құрметім таусылды, ол тек өзін ойлайды", - деді Головкин.

Ал "Канело" болса соңғы сұхбаттарының бірінде Головкинмен кез келген уақытта жұдырықтасуға дайын екенін айтқан еді. Мексикалық қазақстандыққа қыркүйекте жұдырықтасуға ұсыныс жасағанын, ендігі шешімді GGG жасауы қажеті екенін айтқан. Ал әзірше Головкин 18 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен кездеседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Тақырып бойынша сілтемелер:

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама