Профи-бокс
1 наурыз 2017 09:33
 

Головкин: "Канелоға" деген құрметім жоқ, бос әңгімелерден шаршадым

  Пікірлер

blog.share

Головкин: "Канелоға" деген құрметім жоқ, бос әңгімелерден шаршадым © vk.com/ggolovkin

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ESPN телеарнасындағы First Take бағдарламасының қонағы болып, америкалық Флойд Мейвезер мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің айырмашылығын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин Мейвезермен "армандаған жекпе-жек" өткізу үшін 154 фунтқа дейін салмақ тастауға дайын екенін тағы бір мәрте айтып өтті. Сондай-ақ, қазақстандық құрметтен айырылған "Канеломен" жекпе-жек өткізу туралы әңгімелерден шаршағаны жайлы айтты. "Мен ірі емеспін. Жекпе-жекке бір ай қалғандағы салмағым - 165 фунт, ал кеше, спаррингтен кейін 164 болдым. Флойд үшін арнайы 154 фунтқа түсуге немесе 160 фунтта жекпе-жек өткізуге дайынмын, әрине, егер ол қызығушылық танытса. Бұл арманымдағы жекпе-жек", - деп мәлімдеді боксшы.

"Мейвезер мен "Канелоның" арасында айырмашылық орасан зор. Флойдтың аты Флойд, ол pound-for-pound-та үздік боксшы, ал "Канело" ешкім емес. Өткен жылдан бері осы жекпе-жекті қалап жүрмін, оның маған қажет екенін айтып жүрмін. Осы әңгімелерден шаршағанымды білесіз бе. Оған деген құрметім таусылды, ол тек өзін ойлайды", - деді Головкин.

Ал "Канело" болса соңғы сұхбаттарының бірінде Головкинмен кез келген уақытта жұдырықтасуға дайын екенін айтқан еді. Мексикалық қазақстандыққа қыркүйекте жұдырықтасуға ұсыныс жасағанын, ендігі шешімді GGG жасауы қажеті екенін айтқан. Ал әзірше Головкин 18 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен кездеседі.

blog.share
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ESPN телеарнасындағы First Take бағдарламасының қонағы болып, америкалық
Флойд Мейвезер мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің айырмашылығын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин Мейвезермен "армандаған жекпе-жек" өткізу үшін 154 фунтқа дейін салмақ тастауға дайын екенін тағы бір мәрте айтып өтті. Сондай-ақ, қазақстандық құрметтен айырылған "Канеломен" жекпе-жек өткізу туралы әңгімелерден шаршағаны жайлы айтты. "Мен ірі емеспін. Жекпе-жекке бір ай қалғандағы салмағым - 165 фунт, ал кеше, спаррингтен кейін 164 болдым. Флойд үшін арнайы 154 фунтқа түсуге немесе 160 фунтта жекпе-жек өткізуге дайынмын, әрине, егер ол қызығушылық танытса. Бұл арманымдағы жекпе-жек", - деп мәлімдеді боксшы.

"Мейвезер мен "Канелоның" арасында айырмашылық орасан зор. Флойдтың аты Флойд, ол pound-for-pound-та үздік боксшы, ал "Канело" ешкім емес. Өткен жылдан бері осы жекпе-жекті қалап жүрмін, оның маған қажет екенін айтып жүрмін. Осы әңгімелерден шаршағанымды білесіз бе. Оған деген құрметім таусылды, ол тек өзін ойлайды", - деді Головкин.

Ал "Канело" болса соңғы сұхбаттарының бірінде Головкинмен кез келген уақытта жұдырықтасуға дайын екенін айтқан еді. Мексикалық қазақстандыққа қыркүйекте жұдырықтасуға ұсыныс жасағанын, ендігі шешімді GGG жасауы қажеті екенін айтқан. Ал әзірше Головкин 18 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен кездеседі.

Жарнама

Живи спортом!