Головкин "Канелодан" үстем түскен Биволды жеңісімен құттықтады

©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестен айласын асырған Дмитрий Биволды жеңісімен құттықтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бүгін Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде жартылай ауыр салмақтағы WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Бивол Сауль Альвараестен үстем болды. 12 раунд қорытындысы бойынша төрешілер 115-112 есебімен жеңісті ресейлік боксшыға берді.

"Жеңіспен құттықтаймын. Барлығы әдемі. Осы қалпыңнан тайма!", - деп жазды Головкин. 

Айта кетейік, мексикалықтың бұл жеңілісінен кейін Альварес пен Головкин арасындағы трилогия болмауы мүмкін. Ол туралы промоутер Эдди Хирн айтты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар