Головкин - "Канело" трилогиясын ақылы трансляциямен қанша жанкүйер тамашалағаны анықталды

©Tengrinews.kz, Турар Казангапов

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 37 КО)  пен қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) арасындағы үшінші жекпе-жектің ақылы көрсетілімі алғашқы кездесудің көрсеткішінен аса алмады, деп жазады Fight Freaks Unite порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, үшінші кездесуде 550-575 мың ақылы трансляция (PPV) сатылымы тіркелген. Бірінші кездесу 1,3 миллион, екінші кездесу 1,1 миллион жинаған еді. Бірінші айқастың құны 70 доллар, екінші кездесу 80 доллардан сатылған. 

Еске салайық, үшінші кездесу Лас-Вегас қаласында өтіп, төрешілердің шешімі бойынша "Канелоның" жеңісімен аяқталды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар