Профи-бокс
2 мамыр 2017 09:46
 
Головкин "Канело" мен Чавес арасындағы кездесуді көруге бармайтын болды

  Пікірлер

blog.share

Головкин "Канело" мен Чавес арасындағы кездесуді көруге бармайтын болды ©boxingnewsonline.net

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен оның отандасы кіші Хулио Сезар Чавес арасындағы кездесуді көруге бармайтын болды. Бұл туралы "Чемпионат.сом" порталы хабарлайды. 

Порталдың мәліметі бойынша, Головкин өткен аптада Альварес пен Лима Смит арасындағы жекпе-жекті көруге де бармаған екен. Ал оған дейін отандасымыз мексикалық боксшының Әмір Ханға қарсы кездесуін тамашалаған еді. Сол кездесуден кейін Альварес рингтің ішінде оны жекпе-жекке шақырды. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес биыл жекпе-жек өикіздуді жоспарлап отыр. Бұл жекпе-жек қыркүйек айында өтуі мүмкін. Бірақ келісімшарт әлі жасалмаған. Ал "Канело" мен Чавес арасындағы жекпе-жек 6 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!