auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин - "Канело" кездесуінің билеттер сатылымынан қанша пайда түскені анықталды

Головкин - "Канело" кездесуінің билеттер сатылымынан қанша пайда түскені анықталды
Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өткен орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпиионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы кездесудің билеттерінің сатылымынан қанша пайда түскені белгілі болды.  

Невада штатының Спорттық комиссиясының (NSAC) мәліметі бойынша, бұл кездесуге 17 318 билет сатылған. Жалпы бұл билеттердің сатылымынан 27 059 850 доллар пайда түскен. Тағы 934  билет тегін таратылған. 

Осылайша, Головкин мен "Канело" кездесуінің билеттерінің сатылымы T-Mobile Arena спорт кешенінің жаңа рекордын орнатты. Ал Невада штатындағы билеттердің сатылым бойынша үздік үштіктің қатарына қосылды. 

Жалпы билеттердің сатылымы бойынша қазіргі уақытта бірінші орында 2015 жылдың 5 мамыр күні өткен кіші Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы кездесу көш бастап тұр. Бұл жекпе-жектің билеттері 72,2 миллион долларға сатылған. Екінші орында 2017 жылдың 26 тамызында өткен Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор арасындағы кездесу орналасқан. Ұйымдастырушылар бұл шоудың бидеттерін 55,4 миллион долларға сатыпты. 

Еске салайық, бұған дейін Головкин мен "Канелоның" жекпе-жек үшін алатын сыйақылары белгілі болған еді. Daily Mail басылымының мәліметі бойынша, қазақстандық боксшы 25 миллион доллар сыйақы алса, Альварес 35 миллион доллар алыпты. 

Жекпе-жектен кейін Marca.com басылымы кездесудің ақылы көрсетілімін (PPV) шамамен қанша көрермен тамалағанын жариялаған да еді. Оның мәліметіне сүйенсек, кездесуді 1,25 миллион көрермен ақылы жүйе бойынша тамашалапты. Бұл дегеніміз 100 миллион доллар көлеміндегі табыс деген сөзү Дегенмен бұл нақты мәлімет емес. НВО сарапшылары кездесуді 2 миллионға жуық көрермен қарады деген болжам айтып отыр. Нақты мәліметтер келер айдың басында белгілі болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама