Профи-бокс
24 қазан 2017 17:09
 
Головкин - "Канело" кездесуінде басы дауға қалған төреші қызметіне қайта оралды

  Пікірлер

blog.share

Головкин - "Канело" кездесуінде басы дауға қалған төреші қызметіне қайта оралды Аделиада Берд (сол жақта). Сурет: Las Vegas Reviev-Journal

Геннадий Головкин (37-1-2, 33 КО) мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы кездесуде қазылық етіп, басы дауға қалған төреші Аделаида Берд қызметіне қайта оралды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Ол өткен аптада Лас-Вегастағы қонақ үйлердің бірінде Флойд Мейвезердің Mayweather Promotions компаниясы ұйымдастырған бокс кешінде қазылық етті. Бұл бокс кешінде төрт кездесу - екеуі жартылай жеңіл және екеуі орта салмақта өтті. 

Америкалық Кэмэрон Креал (12-12-3, 3 КО) және жапон жігіті Шоки Сакаи (23-7-2, 13 КО) арасындағы кездесудің төрешілерінің бірі Берд болды. Сегіз раундтың қорытындысы бойынша, ол 76:76 есебін тіркесе, қалған төрешілер 77:75 және 76:76 есебін тіркеді. Нәтижесінде екі боксшы тең тарқасты. 

Еске салайық, Берд Головкин мен "Канело" кездесуінде де қазылық етіп, 118:110 есебімен жеңісті мексикалық боксшыға берген еді. Содан соң осы нәтижесі үшін ол жанкүйерлердің сынына қалған. Кейіннен төрешіні тіпті Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойяның өзі де сынға алып тастады. 

Содан соң Невада штатының Атлетикалық комиссиясы NSAAC) Бердке Головкин - "Канело" кездесуіндегі әр раундына есеп беруін талап ететінін айтты. Сол кезде бұл төрешіні қызметінен шеттетілгені де айтылды. 

Ал өткен аптада NSAC басшысы Боб Беннетт Бердтің қызметіне қайра оралатынын айтты. Тіпті ол алдағы уақытта чемпиондық белбеу үшін өтетін кездесуде қазылық етуі мүмкін екенін тілге тиек етті. 

Жарнама

Живи спортом!