auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкин - "Канело" кездесуі бокс тарихындағы ең табысты жекпе-жек болуы ықтимал

Қазіргі уақытта ең табысты жекпе-жектің көшін Мейвезер - Пакьяо кездесуі бастап тұр.

Головкин - "Канело" кездесуі бокс тарихындағы ең табысты жекпе-жек болуы ықтимал
©boxingscene.com
16 қыркүйек күні өтетін WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы кездесу бокс тарихындағы ең табысты жекпе-жек болуы мүмкін. 

Forbes журналының мәліметі бойынша егер Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойяның болжаған PPV сатылымдары дәл келетін болса, онда бұл кездесу бокс тарихындағы ең табысты жекпе-жек болуы ықтимал. 

""Канело" мен Чавес мамыр айындағы жекпе-жегін ақылы түрде миллион адам көрермен тамашалағаннан кейін, қыркүйектегі Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жегі үш миллион сатылым жинауы мүмкін", - дейді Де Ла Хойя Fight Hub TV порталына берген сұқбатында. 

"Егер "Канело" мен Головкин кездесуінің ақылы сатылымы үш миллионнан асатын болса, онда бұл кездесу кіші Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы өткен кездесуден кейін (4,6 миллион PPV) екінші орынға жайғасуы мүмкін", - деп жазады басылым. 

Ал өз кезегінде танымал рефери, бүгінгі уақытта ESPN арнасында сарапшы болып қызмет атқарып жүрген Джо Кортес бұл кездесу Лас-Вегас қаласында өтетінін айтып, Мейвезер - Пакьяо жекпе-жегінің көрсеткішінен асып түсетінін айтты. 


Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар