Головкин -"Канело" қарымтасын ұйымдастырушылар жекпе-жек жарнамасын тоқтатты
© boxingnews.jp
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық кампанияны тоқтатты, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".
Жекпе-жек 2018 жылы 5 мамырда Лас-Вегаста өтуі тиіс еді. Дегенмен кешті ұйымдастырушылар жекпе-жектің өтпей қалатындығына дайындалып жатыр.
Los Angeles Times баылымының жазуынша, Golden Boy Promotions жекпе-жекке қатысты барлық шараларды тоқтатты, HBO арнасы жарнаманы үзді, ал MGM Resorts билет құнын қайтаруға дайын екендерін жеткізді.
Айта кетейік, 28 наурызда ESPN арнасының сарапшысы және Америкадағы танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек күні (5 мамыр) өзгеруі мүмкін деген болжам жасаған.
Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол атты допинг табылған. Мексикалықтың командасы мұны зарарлы етті тамаққа пайдаланумен байланыстырды. Дегенмен Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті әзірге жекпе-жектерден шеттетті. Қорытынды шешім 10 сәуірде шығады.
Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер комиссия Альвареске қатысты қандай шешім шығарса да, қазақстандық 5 мамырда шаршы алаңға шығатынын мәлімдеген.

Жарнама