Головкин - "Канело" кардында әлем чемпионы жұдырықтасады

©HBO

Америкалық боксшы Джесси Родригес (16-0, 11 КО)  Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші айқастың андеркартында жұдырықтасатын болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

vRINGe.com порталының ақпараты бойынша, Роберт Гарсия тәлімгерінің қарсыласы әлі белгілі емес. 22 жастағы Родригес екінші жеңіл салмақта WBC белбеуінің иегері. 

Ол бос тұрған белбеуін мексикалық боксшы Карлос Куадрасқа қарсы кездесуде жеңіп алды. 

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасында үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар