Кәсіпқой бокс
27 маусым 2017 11:14
 
Головкин "Канело" жеңеді деп болжам жасаған Хопкинске жауап берді

  Пікірлер

blog.share

Головкин "Канело" жеңеді деп болжам жасаған Хопкинске жауап берді © boxingscene.com

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Power 106 FM радиосындағы TheCruzShow бағдарламасында қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы кездесуге болжам жасаған Бернард Хопкинстің болжамына жауап берді. 

Хопкинс алдағы кездесуге "Канело" 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетеді деп болжам жасаған еді. Бұл болжамға Головкин "Менің ойымша, шамалы уақытынан бұрын жасалған болжам. Барлығын 17 қыркүйек күні көреміз. Golden Boy компаниясының маған қарсы бұған дейін де боксшы шығарған. Давид Лемьені еске алсаңыздар болады. Бірақ бұл бокс. Бұл спортта барлығы да болуы ғажап емес. Мүмкін ол (Хопкинс) дұрыс та айтқан шығар", - деп жауап берді. 

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде GGG орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғайды. Алайда, "Канело" алдағы кездесуде WBC белбеуіне таласпайтынын айтты. Өйткені, мексикалық боксшы бұл ұйымның басшыларымен сөзге келіп қалған.

Кездесуді АҚШ жерінде HBO арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді. Головкин PPV жүйесі бойынша өзінің үшінші кездесуін өткізеді.

Жарнама

Живи спортом!