auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин - "Канело" жекпе-жегінде есептің тең болуына басты кінәлі адам анықталды

Головкин - "Канело" жекпе-жегінде есептің тең болуына басты кінәлі адам анықталды
© Los Angeles Times
Танымал бапкер Абель Санчес орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегінде есептің тең болуына басты кінәлі адамды айтты.

Өткен жылы қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile аренасында екі боксшы шаршы алаңда кездесіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша жеңімпазды анықтай алмады. Аделаида Берд Альварестің пайдасына (118-110) берді, Дэйв Моретти жеңісті Головкинге берді (115-113), ал Дон Трелла қос боксшыны тең етті (114-114).

"Менің ойымша біз 8-4 есебімен жеңдік. Бұл жерде дау туатыны сөзсіз. Аделаида Бердтің қойған бағасы қисынсыз әрине, бірақ ең көп зиянды Дон Трелла келтірді, ол жетінші раундты мексикалыққа берді, негізінде барлығы осы раундты Головкинге берді. Оының нәтиесінде есеп тең болды. Егер Трелла сол раундты бергенде GGG жеңіске жетер еді. Қалай болғанда да мен үшін Головкин жеңді", - деді Санчес Yahoo! Sports басылымына берген сұхбатында.

Трелланың осы бір бағасын бұрындары Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум, Los Angeles Times журналисі Анхель Родригес, ESPN маманы Дэн Рафаэльдер сынға алған еді. Өз кезегінде қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер тең ұпай берген төрешіні жауапкершілікке тартуға шақырды.

Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама