auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин - "Канело" жекпе-жегі PPV-сатылымдары бойынша үздік ондыққа кірді

Головкин - "Канело" жекпе-жегі PPV-сатылымдары бойынша үздік ондыққа кірді
Головкин мен Альварес © HBOboxing
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегі ақылы трансляциялар сатылымы (pay-per-view, PPV) бойынша бокс тарихында ең табысты кездесулер ондығына кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Los Angeles Times мәліметінше, Головкин - Альварес жекпе-жегі PPV сатылымдары бойынша 1,3 миллион жинаған. Бұл қазақстандық боксшы үшін ең рекордтық көрсеткіш. 

Егер 1991 жылдан бергі боксшылардың PPV сатылымдарын негізге алатын болсақ, тек тоғыз жекпе-жек Головкин мен Альварес жекпе-жеігн басып озған. 

Бұлар:

1. Флойд Мейвезер - Мэнни Пакьяо (2 мамыр 2015) - 4,6 миллион PPV;
2. Флойд Мейвезер - Конор МакГрегор (26 тамыз 2017) - 4,4;
3. Оскар Де Ла Хойя - Флойд Мейвезер (5 мамыр 2007) - 2,4;
4. Флойд Мейвезер - "Канело" Альварес (14 қыркүйек 2013) - 2,2;
5. Флойд Мейвезер - Мигель Котто (5 мамыр 2012) - 1,5;
6. Мэнни Пакьяо - Хуан Мануэль Маркес III (13 қараша 2011) - 1,4;
7. Оскар Де Ла Хойя - Феликс Тринидад (18 қыркүйек 1999) - 1,4;
8. Флойд Мейвезер - Шейн Мозли (1 мамыр 2010) - 1,4;
9. Мэнни Пакьяо - Шейн Мозли (7 мамыр 2011) - 1,34;
10. Геннадий Головкин - "Канело" Альварес (16 қыркүйек 2017) - 1,3.

Сонымен қатар, Головкин - "Канело" жекпе-жегі бокс тарихында билеттер сатылымы бойынша үздік үштікке енді. Невада штатының Спорттық комиссиясының (NSAC) мәліметі бойынша, бұл кездесуге 17 318 билет сатылған. Жалпы бұл билеттердің сатылымынан 27 059 850 доллар пайда түскен. Тағы 934  билет тегін таратылған.

Жалпы билеттердің сатылымы бойынша қазіргі уақытта бірінші орында 2015 жылдың 5 мамыр күні өткен кіші Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы кездесу көш бастап тұр. Бұл жекпе-жектің билеттері 72,2 миллион долларға сатылған. Екінші орында 2017 жылдың 26 тамызында өткен Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор арасындағы кездесу орналасқан. Ұйымдастырушылар бұл шоудың бидеттерін 55,4 миллион долларға сатыпты.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама