auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин - "Канело" бокс кешінде тағы кімдер жұдырықтасады?

Головкин - "Канело" бокс кешінде тағы кімдер жұдырықтасады?
©HBO.com
16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін бокс кешінде өнер көрсететін боксшылардың бірінші жұбы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

BoxRec.com порталының мәліметі бойынша, бұл бокс кешінде екі мексикалық боксшылар: 29 жастағы Антонио Ороско (26-0, 17 КО) мен 31 жастағы Роберто Ортис (35-1-2, 26 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек жартылай орта салмақта, он раундық жүйе бойынша өтеді. 

Сондай-ақ бұл бокс кешінде бірінші орта салмақта өнер көрсететін аргентиналық Лукас Матиссе (38-4, 33 КО) мен Головкиннің бұрынғы қарсыласы Дэниэл Джейкобс та шаршы алаңға шығуы ықтимал. Дереккөздің мәліметі бойынша, америкалық боксшының кеңесшісі Эл Хэймон қазіргі уақытта бокс кешін ұйымдастырып жатқан Golden Boy промоутерлік компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Тамыз айының басында екі тарап келісімге келуі керек. 

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді. 





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама