Головкин - "Канело" арасындағы екінші кездесудің жеңімпазы кіммен кездеседі?
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) президенті Маурисио Сулейман WBC-ның ұйым чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасындағы реванш тез арада өткізілуі керектігі туралы шешім шығарғанын айтты. Бұл шешімді WBC басқарма кеңесі шығарған, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) президенті Маурисио Сулейман WBC-ның ұйым чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасындағы реванш тез арада өткізілуі керектігі туралы шешім шығарғанын айтты. Бұл шешімді WBC басқарма кеңесі шығарған, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Олар 2018 жылы 5 мамырда реванш кездесуін өткізуі мүмкін.
Осының алдында Сулейман Геннадий Головкин мен WBC белбеуінің міндетті қарсыласы америкалық Джермалл Чарло (26-0, 20 КО) арасындағы кездесудің мәселесі қашан шешілетінін айтқан еді. Америкалық боксшы Головкин - "Канело" кездесуінің жеңімпазымен жекпе-жекке шығуы керек еді. Алайда 16 қыркүйекте өткен жекпе-жек тең аяқталуына байланысты ол енді реванш жекпе-жегінің қорытындысын күтеді.
Сулейманның айтуынша, Головкин мен Чарло арасындағы кездесудің қашан өтетінін WBC 4 қараша күні қарастырады.
Егер реваншта мексикалық Сауль Альварес жеңіске жетіп, WBC белбеуінен бас тартатын болса, онда бұл титул бос болады. Чарло ұйым жасаған ең мықтылар тізіміндегі ең жоғарғы сатысында тұрған боксшымен жұдырықтасады.
Головкин мәндеттелген белбеуді қорғау үшін тағы уақыт алуға құқығы бар. Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер "Канелоның" командасымен реванш өткізу туралы келіссөздерді бастап кетті.
Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундқа созылған еді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.
Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.
Жарнама