auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин - "Канело" андеркартында жұдырықтасатын тағы екі боксшының есімі белгілі болды

Головкин - "Канело" андеркартында жұдырықтасатын тағы екі боксшының есімі белгілі болды
ESPN телеарнасынын тілшісі және АҚШ жеріндегі ең танымал бокс сарапшысы Дэн Рафаэль 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін бокс кешінде жұдырықтасатын тағы екі боксшының есімін атады.

Оның мәліметі бойынша, бокс кешінің андеркартында америкалық Джозеф Диас (24-0, 13 КО)  пен британдық Джош Уоррингтон (25-0, 5 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл кездесудің жеңімпазы қазіргі уақытта жеңіл салмақта WBC белбеуінің иегері америкалық Гари Расселдің (28-1, 17 КО) міндетті қарсыласы атанады.

Диас пен Уоррингтон арасындағы кездесу WBC  міндеттеп отыр. Ұйым бұл екі боксшының командасына жекпе-жекті ұйымдастыру үшін 11 тамызға дейін уақыт беріп отыр. Егер осы уақытта екі команданың боксшысы келісімге келмесе, жекпе-жек промоутерлік саудаға түседі.

Еске салайық, бұған дейін Головкин мен "Канелоның" арасында өтетін бокс кешінің андеркартында жеңіл салмақта өнер көрсететін америкалық Райан Мартин (19-0, 11 КО) шаршы алаңға шығатыны хабарланған. Сонымен қатар бұл бокс кешінде 18 жастағы америкалық Райан Гарсия (10-0, 9 КО) да жұдырықтасады.

Одан бөлек, 16 қыркүйекте шаршы алаңға Лондондағы Олимпиада ойындарының жүлдегері, бұрымды боксшы Марлен Эспарза шығады, Сонымен қатар, мексикалық Джозеф Агирре 17-0, 9 КО) де қнер көрсетеді.

Дегенмен де қазіргі уақытта аталған бокс кешінде тек екі боксшының ғана нақты өнер көрсететіні ресми расталып отыр. Олар - Диего Де Ла Хойя (19-0, 9 КО) - Рэнди Кабальеро (24-0, 14 КО) (екінші жеңіл салмақ), және Антонио Ороско (26-0, 17 КО) - Роберто Ортис (35-1, 26 КО) (бірінші жартылай орта салмақ). 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама