s1bdWj7GPHcuwP7zMXUkjU5lfJQNJ8EYw0d4Owa5
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Головкин жою режимін іске қосты". Промоутер Том Леффлер алдағы жекпе-жек жайлы

"Головкин жою режимін іске қосты". Промоутер Том Леффлер алдағы жекпе-жек жайлы
Том Леффлер және Геннадий Головкин. Сурет: Lawrence Lustig
WBA (Super), IBO, WBC чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қарымта алдында мексикалық Сауль "Канело" Альваресті сынға алды. 

Оның сөзінше, "Канело" алғашқы жекпе-жекте жанкүерлерінің көңілін қалдырған. Мексикалық Головкинді нокаутқа түсіруге уәде берген еді. 

"Алғашқы жекпе-жекте Головкин алғашқы раундтарды баяу бастады, бірақ, енді ашуға мінеді. "Канело" да нокаут болады деп уәде беріп отыр. Бірақ алғашқы жекпе-жекте де осыны айтып, жанкүйерлерінің көңілін қалдырған. Нағыз мексикалық стильді көрсетіп, алға ғана жүріп, қысым көрсеткен - Головкин. Сондықтан қарымта керемет болады. Бұл жолы Головкин жекпе-жек шешімін төрешілер қалауына қалдырғысы келмейді. Ол жою режимін іске қосты", - дейді Леффлер IFL TV-ге берген сұхбатында.

Сонымен қатар промоутер Головкиннен тартып алынған IBF белбеуі үшін Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) мен Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын білдіріді.

"Олардың бірі Головкинді жеңбейінше, чемпион бола алмайды. Олар фейк чемпион болады. ІBF ұйымының өз ережелері барын білемін. Бірақ бұл WBC өз үміткерін белгілегеннен кейін жасалғандықтан, аяқтан шалу болды. Аяқ-асты "Канелоның" тесті де допинг қолданғанын көрсетті. Келесі жекпе-жек Альвареспен болу керегін бәрі білетін, алайда, IBF белбеуден айыру туралы шешім шығарды", - деп атап өтті Леффлер.

Айта кетейік, IBF белбеуі үшін украиналық пен америкалық арасындағы жекпе-жек 27 қазанда Madison Square Garden аренасында өтіп, HBO арнасы арқылы көрсетіледі. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар