auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкин жекпе-жекке жеті күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Головкин жекпе-жекке жеті күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) 16 қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альварес өтетін жекпе-жекке бір апта қалғанда WBC мәндеттеген салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) ережесіне сәйкес, жекпе-жекке бір ай қалғанда және бір апта қалғанда салмақ өлшеу рәсімі өткізеді. Орта салмақта максималды көрсеткіш - 168 фунт (76,2 келі), ал Головкиннің салмағы 164,4 фунт (74,6) келі болды.



Осыған дейін жекпе-жекке 30 күн қалғанда қазақстандық боксшы сәтті өткен еді. Оның салмағы 170 фунт (77,1 келі), бір ай қалған уақытта ең максималды көрсеткіш - 176 фунт (79,8 келі)

Айта кетейік, Альварес бұл міндеттелген салмақ өлшеу рәсіміне қатыспайды себебі, ол осы WBC ұйымымен жанжалдасуына байланысты осы нұсқадағы белбеу үшін таласудан бас тартқан болатын. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар